Ғылыми кеңес
"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" КеАҚ (бұдан әрі - қоғам) Ғылыми Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қоғамның ғылыми-клиникалық, инновациялық және оқу-әдістемелік қызметін басқарудың жоғары үйлестіру консультативтік-кеңесші органы болып табылады және 2014 жылдан бастап кардиохирургия, интервенциялық кардиология және кардиология саласында жүзеге асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми-клиникалық зерттеулерді жетілдіру және медициналық білімі бар мамандарды үздіксіз кәсіби жетілдіру мақсатында жұмыс істейді.
Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасына, қоғамның ішкі тәртіп ережелеріне, Қоғам Басқармасы төрағасының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады. Ғылыми кеңестің қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.