Ultimaster stent (2015-2018)
Тапсырыс беруші: «TERUMO Europe NV» (Бельгия)
Жауапты орындаушы: Арипов М. А. м. ғ. д., интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер- кардиолог,
Бұл зерттеу дәрілік жамылғысы бар TERUMO Ultimaster стент орнатылған пациенттерде жіті (имплантация кезінде) және созылмалы (бақылау сапарлары кезінде) жағдайларға қатысты құрылғы туралы клиникалық деректерді жинауға арналған. Дәрілік жабыны бар Стент (DES) Multimaster - коронарлық артериялардың тарылуын емдеуге арналған толық мақұлданған құрылғы.
Негізгі мақсаттары:
-Күнделікті практика жағдайында таңдалмаған пациенттерге арналған Ultimaster DES жүйесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін одан әрі тексеру;
-Стент тромбозына имплантациядан кейін бір ай өткен соң қос антитромбоцитарлық емнің сәйкессіздігінің әсерін бағалау.