Жаңалықтар
Операциялық мейіргер ісінің мамандардың мектебі
17.08.2023Жүрек Орталығының базасындағы операциялық мейіргер ісінің мамандардың мектебі "Мейіргерлік операциялық іс – базалық курс" оқу циклін өткізеді. Мектептің басты мақсаты пациенттерді тиімді емдеу үшін операциялық бөлімнің жұмысын ұйымдастыруда тәжірибе мен білім беру болып табылады.
Оқыту бағдарламасы мейіргер ісінің мамандарын операциялық бөлімдегі жұмыс ерекшеліктеріне дайындауды, бүкіл кезең бойы пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, алгоритмдерді және жұмысты нақты орындауды және адам факторына байланысты қателіктерді жоюды қамтиды.
Курс оқытушылары - Жүрек Орталығының қызметкерлері: мейіргер ісінің мамандары, хирург-дәрігерлер, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін басқару департаментінің мамандары, психолог. Теориялық білім тәжірибемен бекітіледі.
Цикл кураторы: Марал Шарденова, қосалқы қан айналымы зертханасы бар операциялық бөлімінің маманы.
Курстың оффлайн режимінде ұзақтығы 2 апта қамтиды. Оқытудың басталуы - 28 тамыз 2023 ж.
Өтетін орны: Астана қ., Тұран 38, Ұлттық Ғылыми Кардиохирургия Орталығы.
Оқыту 4 адамнан құралған топтарда жүргізіледі. Оқуға өтінімдер nnkc.astana@mail.ru поштаға қабылданады.