Жаңалықтар
Шетелдік әріптестерге арналған TAVI бойынша мастер-класс өтті
07.08.2023Өткен аптада Жүрек Орталығында Қырғызстан мен Ресейден келген әріптестер үшін транскатетерлік қолқа клапанын имплантациялау (TAVI) бойынша шеберлік сабағы өтті. Оқыту барысында қонақтар клиниканың жұмысымен, процедураның қыр-сырымен танысып, практикалық бөлімге қатысты. Екі күн ішінде 6 операция жасалды. Қазіргі уақытта пациенттердің әл-ауқаты қанағаттанарлық, жақын арада үйлеріне шығарылады.
Клиника базасындағы Халықаралық оқыту орталығы 2020 жылда қазақстандық және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу және оқыту курстарын өткізу үшін ашылды. Шеберлік сабақтарды Өзбекстан, Армения, Грузия, Әзірбайжан және Үндістаннан келген медицина мамандарының делегациялар мен жергілікті әріптестер сәтті өттіп үлгерді.
2023 жылдың басынан бастап Жүрек Орталығының командасы 116 TAVI операциясын сәтті орындады.