Орталық қызметтері
«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасы халқына жоғары мамандандырылған кардиологиялық, кардиохирургиялық және интервенциялық кардиологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін салынған.
Орталық 200 төсек орынға есептелген. Науқастарды Орталыққа емдеуге жатқызу 2011 жылдың 12 қазанынан бастап жүзеге асырылады. Орталық заманауи кардиологияның, кардиохирургияның, интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіреді және ересектермен қатар балаларға да көмек көрсетеді.
Орталықтың негізгі клиникалық бағыттары:
1.Ересектерге, оның ішінде жүрек функциясының жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттерге кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету.
2.Нәрестелер мен балаларға кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету.
3.Пациенттерге интервенциялық кардиологиялық және аритмологиялық көмек көрсету.
Қазіргі таңда Орталықта 800-ден астам қызметкер, оның ішінде 152 дәрігер және 276 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 2012 жылы Орталықта 6 мыңнан астам пациенттер емделіп шықты, 5238 операциялық араласулар, оның ішінде ашық жүрекке 1574 операция жасалды. Ем алған науқастардың ішінде – 675 балалар, олардың 461-і операция жасалды,оның ішінде 68-і жаңа туған нәрестелер. Сонымен қатар Орталық жүрек - қантамыр патологиясы бар науқастарды емдеуде үш инновациялық клиникалық жобалар бойынша белсенді жұмыс жүргізуде:
- жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігін хирургиялық емдеу;
-жүректің қақпақша ақауларын интервенциялық емдеу;
-балалардағы туа біткен жүрек ақаулары кезіндегі интервенциялық араласу.
Орталық ашылған сәттен бастап 15 инновациялық технологиялар енгізілді. Қазіргі таңда (2011-2015 жж.) 1500-ден астам бірегей операциялар орындалды.
Кардиохирургия бойынша:
· Қанайналымын ұзақ механикалық қолдау құрылғысын имплантациялау.· ROC Safe жүйесін қолдана отырып аортокоронарлық шунттау.
· Жүрек трансплантациясы.
· Cardioblate жүйесінің интраоперациялық радиожиілік аблациясын қолдана отырып жүрек қақпақшаларын аортокоронарлық шунттау және протездеу.
· Аз инвазивті қолжетімділікті қолданумен кардиохирургиялық операциялар.
· Жүрек және тыныс алу жетіспеушілігінің ауыр түрлерін емдеу әдісі ретінде экстракорпоралды мембраналық оксигенация
· Өкпе гипертензиясын емдеуде азот монооксидін қолдану.
Интервенциялық кардиология бойынша:
· Протездің көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жою.
· Қолқа қақпақшасының тері арқылы транскатетерлік имплантациясы.
· Митральды қақпақшаға клипс салу.
· Митральды қақпақша стенозының баллонды вальвулопластикасы.
· Резистентті артериялық гипертензияны емдеу кезінде бүйрек артерияларын денервациялау.
· Сол жүрекше құлақшасының транскатетерлік жабу.
· Биологиялық қолқа қақпақшасын жіксіз (тігісіз) имплантациялау.
· Жүрекше фибрилляциясы және WPW синдромы кезіндегі криоаблация.
2011 жылғы 13 желтоқсанда Heart Ware Ventricle Assist Device (VAD) соңғы буынының құрылғысы имплантацияланды, осылайша Қазақстан ашық жүрекке бірегей, жоғары технологиялық операциялар жүргізетін әлемнің 22 елінің қатарына енді. Бұл бірегей құрылғының ерекшелігі оның салмағы аз пациенттерге, сондай-ақ сол жақ және оң жақ қарыншалық қосалқы құрылғы ретінде имплантациялау мүмкіндігі болып табылады, бұл донорлық жүректің толық аналогы болып табылады.
2012 жылғы 8 тамызда жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациентке алғаш рет донорлық жүрек трансплантациясы жүргізілді. 2016-2017 жылдары Орталық базасында келесі инновациялық медициналық технологиялар енгізілетін болады:
· Жүрек функциясының жеткіліксіздігін емдеудің аз инвазивті әдістері. •
· Жүрек және «жүрек – өкпе»кешені трансплантациясы. •
· Өкпе трансплантациясы. •
· Балаларда өмірінің алғашқы сағаттарынан бастап туа біткен жүрек ақауын хирургиялық емдеу.
Орталықтың серіктестері әлемнің жетекші клиникалары: Германия, Италия, Бельгия, Франция, Түркия, АҚШ болып табылады.
Кардиохирургия және кардиология саласындағы Орталықты дамытудың алдағы негізгі басым бағыттары:
· Жүрек функциясының жеткіліксіздігін емдеудің ең төменгі инвазивті әдістерін дамыту. •
· Роботтандырылған жүрек хирургиясы. •
· Трансплантологияны дамыту.
· Жүректің ишемиялық ауруын емдеудің хирургиялық емес әдістері.
· Неонаталдық кардиохирургияны дамыту.
· Феталдық кардиохирургияны дамыту. Қазіргі таңда Орталықта 25 дәрігер «Кардиохирургия» және «Кардиология», «Сәулелік диагностика» және «Функционалдық диагностика» мамандықтары бойынша оқытушылық қызметті жүргізуде.
Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылдарына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мына мамандықтар бойынша:
1. «Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы»
2. «Сәулелік диагностика»
3. «Кардиохирургия, оның ішінде балалар кардиохирургиясы» резидентура ашылды.