Біздің Орталықты не үшін таңдау керек?
Жүрек орталығы туралыТӘЖІРИБЕ
UMC Жүрек Орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылып, 2011 жылдың 12 қазанда өз есігін ашты. Бүгінгі күні медициналық қызметтер мен сапалы сервис ұсынатын Орталық Азиядағы жетекші кардиохирургиялық орталық болып табылады.
ЖАУАПТАР
Кешендегі жауапкершіліктің жоғары деңгейімен ұштастырылған кәсіби тәсіл жүрекке жоғары технологиялық операцияларды өткізетін дүниежүзінің 22 үздік клиникасы қатарына енуіне мүмкіндік берді.
ЕМДЕЛУШІЛЕР БІРІНШІ ОРЫНДА
Ашылған сәттен бастап біз қызмет көрсету сапасын жақсарту және емделушілер қауіпсіздігі, сонымен қатар ұсынылатын қызметтердің аясын кеңейту үшін бар күш-жігерімізді салып келеміз. Бізге өз жүректерін сеніп, тапсырған емделушілер, және осы жолда бізге көмектесетіндердің барлығы үшін біздің клиниканың есігі әрдайым ашық.
ЕКІНШІ ПІКІР
Орталықтың серіктестері Германияның, Италияның, Белгияның, Францияның, Түркияның, АҚШ-тың және Израильдің жетекші клиникалары болып табылады. Орталықтың бірегей жетістіктері қосалқы қанайналым құрылғысын (VAD) имплантациялауды және жүрек трансплантациясын өткізу болып табылады